
Есіл бассейіндік инспекциясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бөлімінің қызметкерлері Петропавл қаласының Борки шағын ауданында Есіл өзенінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау іс-шарасына қатысты.
Іс-шараға 30-дан астам адам қатысты. Шамамен 500 кг қоқыс жиналды.
Аталған іс-шараға сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің, СҚО бойынша экология департаментінің, СҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының тобы, М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің география және экология кафедрасының студенттері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1011823?lang=kk
Жауап қалдыру