Жетісу облысының табиғи ошақтарының аумақтарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының басталуы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 2 маусымынан бастап кенелердің белсенділігі маусымының басталуында орай, Жетісу облысында кене энцефалитінен табиғи ошақтарының аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмыстарының 2 туры басталды. Бүгінгі күнге Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының тұрғындар көп демалатын ашық аумақтарда 133га көлемінде кенелерге қарсы өңдеу жүргізілуде. Барлық аудандар мен қалаларда өңдеу жұмыстарының 2-ші туры ауа райының болжамына байланысты 2025 жылдың 23 маусымына дейін жалғасады.

Тұрғындарға ескертеміз:

  • Құрметті тұрғындар, кенелерді жою бойынша жұмыстарды жүргізу туралы белгілері (жазуы бар қалқандар) бар аумақтарға барудан бас тартуды сұраймыз!
  • Кенелерді жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы белгісі бар орындарда 45 күн бойы мал жаюға тыйым салынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-zhetisu/press/news/details/1013144?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді