Балханова Гүлнар Базаралиновна

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балханова Гүлнар Базаралиновна, 1954 жылы 8 маусымда Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген.  Ол 1978 жылы Талдықорған медициналық училищесін «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1972 жылы бастаған. Ақсу ауданында және Алматы облысының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында, оның ішінде туберкулезге қарсы эпидемиялық бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Жалпы еңбек өтілі 45 жыл, оның 41 жылын санитариялық-эпидемиологиялық қызметке арнаған ардагер.

Көпжылдық еңбегі үшін «Еңбек ардагері» және «Ел Егемендігіне қосқан ерен еңбегі үшін» медальдарымен наградталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1014356?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді