Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды жұмыспен қамту бойынша Форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласында облыс әкімі мен прокурорының төралығымен өңірдің бизнес өкілдері, жоғары және орта оқу орындарының мамандары, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы сарапшылардың қатысуымен «Тәртіп алды – еңбек, бала тәрбиесі – міндет» атты форум өтті.

Облыс прокуроры жұмыссыз жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға назар аудара отырып, прокурорлардың жергілікті колледждердегі «Қамқорлық» институты кеңінен қолданғанын, олардың қолдауымен Сарысу, Байзақ, Т.Рысқұлов, Талас, Қордай, Мерке және Шу аудандарында, Тараз қаласында кәсіпкерлер мен колледждер арасында жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша 52 меморандум жасалғанын атап өтті.

2025 жылдан бастап кезеңмен жүргізілген жұмыс нәтижелері 150-ден астам түлекті өңірдегі ірі өнеркәсіпорындарға жолдауға мүмкіндік берді.

Осы тектес шаралар кәмелетке толмағандар бойынша да қабылдануда, яғни «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында құқықтық түсіндіру жұмыстары 105 еңбек шартын жасасу жолымен жасөспірімдер мен кәсіпкерлер арасындағы сауда және қоғамдық тамақтану саласында еңбек қатынастарын заңдастыруға мүмкіндік берді.

 Балалардың заңға бағыну мәдениетін насихаттау бойынша белсенді жұмыс оң нәтиже беруде, атап айтқанда, 2025 жылы олардың арасында құқық бұзушылық деңгейі облыс бойынша 42,1%-ға (38-ден 22-ге) төмендеді.

Бұл жұмысқа құқық қорғау органдары, соның ішінде прокуратураның ардагерлері белсенді қатысып, балаларға заңға бағыну мәдениетін тәрбиелеу арқылы мектеп оқушылары мен студенттер үшін лекциялар мен факультативтік сабақтар өткізді.

 Оң тәжірибені ескере отырып, прокуратураның ұсынысы негізінде жоғары оқу орындары мен білім басқармасы арасында заң факультетінің студенттері мектеп, колледждерде құқықтық сауаттылық және «заң диктатурасы» принциптері бойынша дәрістер өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

«Бүгінгі форум жастарды жұмысқа орналасу мәселелерін шешудегі кезекті қадам және кәсіпорындар мен білім беру мекемелері арасындағы байланыстырушы көпір болды» – деп Нұрғалым Әбдіров атап өтті.

Форум барысында қатысушылар өңірдегі колледждердің мамандарды даярлау бойынша әлеуетімен танысты және олармен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.

Кездесу қорытындысымен бизнес өкілдері мен білім беру мекемелері арасында студенттердің өңір кәсіпорындарында тәжірибеден өтуі және кейіннен жұмыспен қамтылуы бойынша 15 меморандумға қол қойылды.

 

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

#Заң менТәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1014354?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді