
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен үстіміздегі жылғы 5 маусым мен 5 шілде аралығында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы өткізілуде. Аталған акция Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және еліміз бойынша «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Аталған бастама қоршаған ортаны қорғау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау ісінде ерекше маңызға ие. Осы мақсатта, «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы аясында туристік және тарихи-мәдени нысандарға мониторинг және тазалық жүргізу бойынша облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Байзақ батыр кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді.
– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Байзақ баба кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілуде. Әулиеата өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі саналатын Байзақ батыр кесенесі «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы бойынша 100 нысанының тізіміне енгені белгілі. Айналадағы қураған шөптерді тырмалап, қоқыстарды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұндағы егілген бау-бақшаның ішіне де тазалық жүргіздік. Осы акция әрі қарай өз жалғасын табады деген ойдамыз – дейді аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов. Акцияда кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы ретсіз өскен шөптер тазаланып, қураған ағаш бұтақтары кесілді. Шараға аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тарихи-өлкетану музейінің ұжымы, жастар ресурстық орталығы мен ақпараттық медиа орталығының белсенді жастары атсалысты. Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпараттық медиа орталығы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1014353?lang=kk
Жауап қалдыру