Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл ауданы әкімінің өкімімен Ошақбай Қуат Қанатұлы Жамбыл ауданы әкімдігінің әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков таныстырып, спорт саласын дамыту мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.
 
Ошақбай Қуат Қанатұлы Жамбыл облысы, Талас ауданы Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары.                
2016 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша және 2018 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Құқықтану» мамандығын аяқтаған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2012 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы «Лашын» футбол клубының Футболшы-нұсқаушы болып бастаған.
2017 жылы «Қаратау қалалық әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық бөлімшесінің жетекші маманы;
2017-2020 жылдары Талас ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас маманы;
2020-2024 жылдары  Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінде аудан әкімінің бас инспекторы;
2024 жылдың ақпан  айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
 «Amanat» партиясының мүшесі
Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеп отыр

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhambyl/press/news/details/1014359?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді