
Бүгін бекітілген жоспарға сәйкес, Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен жеке қабылдау өтті. Қабылдауда тұрғындар аудан әкімінің орынбасары Марат Абдимажидұлына әлеуметтік көмек, жер телімін заңдастыру, кәсіпкерлік және т.б. мәселелерге қатысты сұрақтарымен жүгінді. Әрбір тұрғын мұқият тыңдалып, қозғалған мәселелерді шешу мақсатында сала мамандарына нақты тапсырмалар берілді.
Аудан әкімі мен орынбасарларының қабылдауына жазылу үшін жеке төлқұжатпен Әл-Фараби ауданы әкімдігі аппаратының ғимаратына келіп, алдын ала тіркелу қажет.
Мекен жайымыз: Ж.Тыныбаев көшесі № 49.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1014360?lang=kk
Жауап қалдыру