
Щербина Сергей Николаевич, 1954 жылы 31 шілдеде Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. 1977 жылы Қарағанды медициналық мемлекеттік институтын тәмамдаған. 1977 жылдан бастап Орал облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясында коммуналдық гигиена меңгерушісі, 2004 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. Тәжірибелі санитариялық дәрігер және басшы. 2017 жылы зейнетке шықты.
Көп жылғы адал еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1014361?lang=kk
Жауап қалдыру