Аса қауіпті инфекциялардың өзекті мәселелері туралы тікелей эфирде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аса қауіпті аурулар бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Құралай Әбдірахманова «ERTIS TV» облыстық телеарнасының «Телеорталық» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Тікелей эфир барысында облыстағы эпизоотологиялық және эпидемиологиялық ахуал, инфекцияның берілу жолдары, құтыру, бруцеллез және сібір жарасының алдын алу мәселелері қозғалды. Шектеу іс-шараларын қолдану, ауру жануарларды уақытылы оқшаулау, ауру кезінде ауыл шаруашылығы жануарларына вакцинация жүргізу мәселелері қаралды.

Маман халыққа құтыру, бруцеллез және сібір жарасын жұқтырмау үшін алдын алу шараларын сақтау бойынша ұсыныстар берді.

Адамдарды бруцеллезбен кәсіби жұқтыру мәселелері өзекті болып қала береді, халықтың ерекше назарын жыл сайынғы медициналық тексеруден өту мәселелеріне аударды.

Жануарлармен жұмыс істеу кезінде жеке және кәсіби гигиена ережелерін сақтау, уақтылы медициналық көмекке жүгіну денсаулық пен еңбекке қабілеттіліктің кепілі екенін атап өткен жөн.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1016115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді