Қазақстанның сауда және интеграция министрі Солтүстік Македония СІМ басшысымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2025 жылғы 9 маусым – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев Астанаға жұмыс сапарымен келген Солтүстік Македония Республикасының Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тауар айналымының тұрақты өсуі үшін жағдай жасауға ерекше назар аударылды. Айта кетерлігі, екі тарап та өзара сауданы жандандыру және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бағытында дәйекті жұмыс атқаруда.

А.Шаққалиев екіжақты саудаға оң серпін беру үшін бірлескен жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Солтүстік Македонияға мұнай-химия, металлургия, тамақ, химия, фармацевтика және машина жасау салаларының өнімдерін қоса алғанда, 320 миллион АҚШ долларынан астам өңделген тауарлар экспортын ұсынуға дайын.

Өз кезегінде Солтүстік Македония қазақстандық нарықтағы қатысуын кеңейтуге дайын екенін білдірді. Министр Т.Муцунски македониялық «Alkaloid» фармацевтикалық компаниясы қазір Алматыда кеңсе ашқанын, оның инвестиция көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеп отырғанын атап өтті.

Келіссөздер барысында сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, туризм, цифрландыру, көлік және логистика сияқты салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Орталық Азия мен Балқан аймағының инфрақұрылымдарын байланыстырудың жаңа көкжиектерін ашатын «Солтүстік-Оңтүстік» бастамасы аясында мультимодальды бағыттарды дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге және ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын растады. Тараптар бизнес-делегациялармен алмасуды жандандыруға және сауда-өнеркәсіп палаталары арасындағы байланыстарды жеңілдетуге келісті.

Кездесуге Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Буришков қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1016117?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді