
Сіздерді Екібастұз қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Екібастұз – мыңдаған адамның туған жері, жүрегіне жақын мекен. Қала еңбекқор халқының, бай тарихының және қуатты өндірістік әлеуетінің арқасында өсіп-өркендеп келеді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында Екібастұз күннен-күнге жаңарып, жайнап, заманауи келбетке ие болуда.
Қала күні – бұл туған өлкені сүйетін барлық жанды біріктіретін ортақ мереке. Бұл – аға буынға деген алғысымызды білдіріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін ерекше күн.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта бейбітшілік пен татулық орнап, Екібастұзымыз жарқын істерімен қуанта берсін!
Қымбатты жерлестер, мереке құтты болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1016125?lang=kk
Жауап қалдыру