
Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Жастар және спорт министрлерінің жетінші отырысы өтті. Аталған жиында «Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы» атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты болды.
Іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты.
Жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтерлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды.
Айта кетсек, бұған дейін Будапештте өткен ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы болатынын мәлімдеген еді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1016536?lang=kk
Жауап қалдыру