
2025 жылдың 16 маусымда Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының сессиясында «2024 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы туралы» жылдық есепті бекіту жоспарлануда.
2024 жылғы облыстық бюджеттің негізгі орындалу көрсеткіштері мынадай.
Түсімдер бойынша (жыл басындағы бюджет қаражаттары қалдықтарын ескере отырмай) 2025 жылдың 1 қаңтар жағдайына облыстық бюджеттің орындалуы 497 732,4 млн. теңге деңгейінде немесе жоспарға 98,9% құрады , соның ішінде кірістер – 453 668,9 млн. теңге, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары – 14 644,6 млн. теңге, қарыздар түсімі – 29 418,9 млн. теңге.
Салықтық түсімдер 122 504,3 млн. теңгеге немесе жылдық жоспарға 100,8% құрады (2023 жылғы – 112 973,7 млн. теңгеге немесе жоспарға 113,3%). 2023 жылдың қорытындысымен салыстырғанда салықтық түсімдердің өсуі 8,4 пайыз құрады.
Шығыстар бойынша 2024 жылғы облыстық бюджеттің орындалуы 513 361,9 млн. теңге немесе жоспарға 97,9% құрады, оның ішінде шығындар – 463 996,6 млн. теңге, бюджеттік кредиттер – 37 231,2 млн. теңге, қаржылық активтерін сатып алу – 1 999,3 млн. теңге, қарыздарды өтеу – 10 134,7 млн. теңге. 2023 жылдың қорытындысымен салыстырғанда бюджеттің шығыс бөлігінің өсуі 24,3 пайыз құрады (2023 жылғы – 412 979,8 млн. теңге).
Басымды міндет болып саналатын, Мемлекет басшысының 2023 жылдың қорытындысы бойынша алға қойған ағымдағы әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етуге қол жеткізілді.
«БҚО қаржы басқармасы» ММ-нің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/press/news/details/1017064?lang=kk
Жауап қалдыру