Абайды оқы, тәлім ал

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен Абайдың «Қарасөздеріне» 135 жыл толуына орай «Абайды оқы, тәлім ал» атты дауыстап оқу өткізілді. /17 қара сөзі бойынша/

Іс-шара басында кітапханашы ұлы ойшыл, философ Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, оның шығармалары мен қара сөздері екі ғасырға жуық уақыт бойы тек қазақ халқын ғана емес, бүкіл адамзатты рухани құндылықтарға жетелер жол көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Әрі қарай, Абайдың 17-ші қара сөзі терең философиялық мағынаға ие екені және ол өмірдің мәнін іздеудің, шындықты ұстанудың маңыздылығын еске салатыны айтылды. Дауыстап оқу Абайдың «Он жетінші қара сөзін» мәнерлеп оқумен жалғасып, философиялық тұжырымдарының тәрбиелік мәні туралы пікір алмасты.

Қатысушылар Абайдың қара сөздерін дауыстап оқи отырып, бұл терең ойлы, мағыналы шығармада Абай ерік, ақыл және жүрек сияқты жоғары адами қасиеттерге сипаттама беріп, салыстырмалы түрде талдау жасайтынын атап өтті. Сондай-ақ, ақын бұл ұғымдарды рухтандырып, оларды адам бойындағы басқа құндылықтардан биік қоятындығы сөзге тиек етілді.

Шара соңында Абайдың өміршең өлең жолдарына терең үңілу арқылы қазіргі заманның көптеген өзекті мәселелерін көре алғанымыз оның шығармашылығының мәңгілік маңызын тағы бір мәрте дәлелдегені айтылды. Қатысушылар талдау барысында шығарманың мазмұнын бүгінгі ұрпақ үшін мәдени және тәрбиелік тұрғыдан жан-жақты ашып көрсете білді. Ұлы Абайдың бұл кітабына әркім әлі талай мәрте оралып, рухани кемелденуге, ұлттың асыл мұрасын сақтауға ұмтылады деген сенімдеміз.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017078?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді