КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДА СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кентау қаласында 1 маусым — Балаларды қорғау күні аясында 6-16 жас аралығындағы балалар арасында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» атты қалалық сурет байқауы өтті.
 
Шараға 33 қатысушы қатысып, балалар адалдық пен әділдік туралы ойларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын сурет арқылы жеткізді.
 
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды: 1 орын — диплом және теледидар, 2 орын — екі қатысушыға диплом мен планшет, 3 орын — диплом және ұялы телефон.
 
Қалған қатысушыларға Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.
 
Жүлделерді Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова табыстап, қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, жылы лебізін білдірді.
 
Балаларға қуаныш пен мотивация сыйлаған бұл шара олардың өнерге қызығушылығын арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға да зор үлес қосты.
 
Іс-шара Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен және «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1017079?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді