
Абай облысында Департамент қызметкерлерінің жауынгерлік әзірлігін тексеруге бағытталған күтпеген дабыл бойынша жаттығу өткізілді. Дабыл белгісі берілген сәттен бастап жеке құрам қысқа мерзімде жиналып, жоғары тәртіп пен жедел әрекет ету қабілетін көрсетті.
Тексеру барысында бөлімшелер арасындағы іс-қимылдың үйлесімділігі пысықталып, дабыл сөмкелерінің толықтығы мен дайындық деңгейі тексерілді.
Басшылық тарапынан қызметкерлердің іс-әрекетіне оң баға берілді. Қызметтік міндеттерді тиімді атқару үшін үнемі дайындықта болу – қазіргі экономикалық жағдайда табысты жұмыстың басты шарты екені атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-afm/press/news/details/1017082?lang=kk
Жауап қалдыру