
ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілінің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев облыстық «Jambyl TV» телеарнасының “Түйін сөз” бағдарламасында «Адам құқықтарын қорғау – қоғам назарында» тақырыбында тікелей эфирде сұхбат берді.
Сұхбат барысында, Омбудсмен өкілі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен өкілдерінің адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғау бағытында атқарылған жұмыстар, оның ішінде Өкілдікпен 2025 жылдың 5 айында қаралған өтініштер мен олардың қаралу нәтижелері, адам құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мекемелерде жүргізілген барулардың нәтижелері, сондай-ақ Өкілдікпен халық арасында құқықтық ағарту бойынша өткізілген іс-шаралар мен өңірлік Сараптамалық кеңестің жұмысы туралы ақпараттармен бөлісті.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет ретінде жылдан-жылға құқықтық реформаны күшейтіп, адам құқықтарының бұлжымастығы мен мемлекет тарапынан кепілдігін нығайтып келеді.
Өкілдікпен, 2025 жылдың 5 айында жалпы азаматтардың 137 арыз-шағымдары қаралды, оның 54 азаматтардан жазбаша түрде түссе, 83 азамат жеке қабылдау барысында арызданды.
Жазбаша түскен 54 арыздың 10 қанағаттандырылса, 15 тиісті заң түсіндірмелері берілді, 26 құзырлы органдарға жолданды.
Өкілмен жүргізілген 83 жеке қабылдау барысында 11 азаматтың талаптары қанағаттандырылды, 57 азаматқа заңнамаларға түсіндірмелер берілді.
2025 жылдың 5 айында Өкілдікпен жоспарға сәйкес 7 мекемеге алдын-ала бару жүзеге асырылды. Оның 3 – Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мекемелері, 2 – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына, 2 – ішкі істер органдарына қарасты мекемелер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1017388?lang=kk
Жауап қалдыру