
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Жезқазған қаласында «Мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.
Іс-шараға жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 100 ден астам мемлекеттік қызметшісі қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тәсілдерін түсіндіру және мемлекеттік басқару жүйесінде адалдық пен тәртіп мәдениетін нығайту.
Семинардың ашылуында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов және Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалытастыру маңыздылығын атап өтті.
Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы Руслан Токатов сөз сөйледі. Ол өз дәрісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мен жоюдың заманауи тәсілдері, мүдделер қақтығысының алдын алу және 4-үлгілік базалық бағыт жобасын іске асырудың практикалық қырлары жөнінде жан-жақты баяндады.
Мұндай оқыту шаралары мемлекеттік қызмет жүйесінде «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/1017389?lang=kk
Жауап қалдыру