«Әке – отбасы тіреуі» дөңгелек үстелі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласында «Әке – отбасы тіреуі» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев, облыстық мәслихат депутаты Айбек Нұғыманов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Бердікенов, Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры Қаныш Төлеуов, және ардақты әкелер қатысты.

Жиын барысында отбасы институтының негізі саналатын әкенің қоғамдағы және жастар тәрбиесіндегі рөлі жайында маңызды пікірлер айтылды. Әкенің ұрпаққа бағыт-бағдар берудегі, табанды еңбек пен жауапкершілікті үлгі етудегі орны ерекше екені атап өтілді.

«Әке – ұрпаққа өмірлік жол сілтейтін темірқазық, тек отбасының тірегі ғана емес, қоғамдағы тұрақтылықтың да негізі. Сондықтан әр әкенің еңбегі мен абыройы – ұрпағына қалдырған ең қымбат мұра», – деді Бекжан Бапышев.

Дөңгелек үстел аясында қаланың өркендеуіне үлес қосқан азаматтардың әкелері мен көпбалалы әкелер қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Жиын соңы әсем әнге ұласты.

Еске сала кетейік, «Халықаралық әкелер күні» 2023 жылдан бастап маусым айының үшінші жексенбісінде ресми түрде аталып өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1017089?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді