Ауданда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауданда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтті

                 Аудандық мәдениет үйінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жергілікті өнімдерді насихаттауға арналған аудандық көрме ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті тұрғындардың әлеуетін көтеру және ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, отандық өнім өндіруге ынталандыру.

Іс-шараға ауданда мемлекеттен шағын грант алып жүрген және алуға ниетті 21 өнім өндіруші қатысты. Олар тұтынушыларға қолөнер бұйымдарын, ет, шұжық, нан өнімдерін, ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды.

– Бүгінгі көрмеге ет өнімдерін әкелдім. 2023 жылдан беру жұмыс істеп келеміз. Шұжықтардың барлығы таза, табиғи өнімнен жасалады. Бұл көрме өнімдерді танытуға, тұтынушыларымызды көбейтуге көмектеседі. Қазіргі кезде аудан халқын еттен, тауық етінен жасалған шұжықтармен қамтамасыз етіп отырмын, – дейді кәсіпкер Данабек Медиманов.

Көрмеде аудан кәсіпкерлері мен қолөнершілері өз өнімдерін таныстырып қана қоймай, тұтынушылармен және серіктестермен пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Көрмені аудан әкімі Ғалымжан Ниязов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Рашит Мұстапаев, Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы, «Бір ауыл- бір өнім» жобасының өңірлік тәлімгері Сәуле Салихова мен кәсіпкерлік өкілдері де аралады.

Көрмеден соң «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Рашит Мұстапаев қатысушыларға мемлекеттен берілетін кәсіпкерлік қолдау туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, «Бір ауыл- бір өнім» көрмесі аудан тұрғындарының жергілікті өнімге деген қызығушылығын арттырып, ауылдағы кәсіпкерлердің дамуына серпін береді.

Маңғыстау ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-mangistau-rayon/press/news/details/1017088?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді