Атырауда құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында еркін форматтағы кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін облыстық Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында еркін форматтағы кездесу өтті.

Іс-шараға Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов арнайы қатысып, жастар тәрбиесі мен олардың құқықтық сауаттылығын арттыру – баршамызға ортақ міндет екенін айтып өтті.

Жиынға облыстық әкелер кеңесі, мәслихат депутаттары, білім беру ұйымдары мен полиция департаментінің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу фасилитациялық форматта өтіп, қатысушылар құқықбұзушылыққа әсер ететін факторларды, оның түрлерін және шешу жолдарын талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1017427?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді