Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы мен Қарағанды облысының әкімімен бекітілген, 2025 жылға арналған түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозирленған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Кешенді жоспардың №15 тармағын орындау үшін 2025 жылғы 10 Маусымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген шектеу, Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес қызметтік әдеп нормалары мен іскерлік стиль ережелерін сақтауға қойылатын талаптар туралы тақырыпта кеңес өткізілді.

Күн тәртібі бойынша Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. С. Бекімова сөз сөйледі.

Қ. Бекімова мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген тыйымдарды, шектеулер мен міндеттерді қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі нормалары, оның ішінде қызметтік мінез-құлық қағидаттары, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтардың өтініштерін қарау ережелері және кәсіби ортадағы дұрыс мінез-құлық қарастырылды. Кәсіби этика және қызметтік Имидж нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің сыртқы түріне, іскерлік стиліне және мінез-құлқына қойылатын талаптар бойынша түсініктемелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/1017205?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді