
Мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 13 маусымында Ержанова Оксана Ивановнаның төрағалығымен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті.
Депутаттар кәсіпкерлік бөлімінің 2025 жылы жүргізіп жатқан жұмысы туралы, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша ветеринариялық станцияның жұмысы туралы және Ырсай ауылы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебін қарады.
Отырыс жұмысына тұрақты комиссиялардың мүшелері, Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Отырыс барысында қызықтырған сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, мәселелердің шешілуі бақылауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1016895?lang=kk
Жауап қалдыру