Мерекеңмен, ақ халатты абзал жан!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы медицина қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі – медицина қызметкері болу мәртебелі әрі жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Бұл мереке дертке шипа, денге саулық сыйлайтын өздеріңіздей ардақты мамандық иелерінің еңбектері еленетін күн.

«Дәрігер өмір бойы оқып, үйренеді, оның әрбір жұмыс күні – адам өмірімен күрес.
Ең жаңа медициналық құралдар да, ең соңғы технологиялар да дәрігердің қатысуынсыз пайда әкелмейтіні анық.
Сіздерге өз істеріңізге берілгендіктеріңіз бен адал қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын! Ұйқысыз түндеріңіз бен құтқарылған өмірлер үшін, іскер қолдарыңыз бен қайырымды жүректеріңіз үшін бас иеміз», – деді мәслихат төрағасы Г.Тойлыбаева құттықтау сөзінде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1016896?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді