
Бүгін мәслихат депутаты Абдрахманов Болат Үкібайұлы Қосшы қаласының әкімдігімен, қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе отырып тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үйлерді жөндеу, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау, ауыз су, электр жарығы, жол құрылысы сияқты қала тіршілігі үшін өзекті сауалдарын қойып, жауап алды.
Әкімдік өкілдері жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ атқарылуы тиісті жұмыстар жайлы қала басшылығы жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Еске саламыз, Қосшы қаласы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдау әр апта сайын сәрсенбі күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.
#Азаматтарды_қабылдау #Қосшы_қаласының_тұрғындары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1011737?lang=kk
Жауап қалдыру