“Бала қауіпсіздігі – басты орында” атты оқу-жаттығу қойылымы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым- Балаларды қорғау күніне орай, Алға аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бірлесе отырып, жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында “Бала қауіпсіздігі – басты орында” тақырыбында оқу-жаттығу қойылымын өткізді.

Іс-шараға аудан жастары, мектеп оқушылары мен колледж студенттері, сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздар қатысты. Көрсетілім барысында жастарға түрлі төтенше жағдайлар кезінде — өрт, су тасқыны, газдан улану, бөгде адамдармен байланыс секілді қауіп-қатерлер туындағанда дұрыс әрекет ету жолдары ұсынылды. Сонымен қатар заманауи технологиялар мен техникаларды пайдалану жолдарын көрсетті.

Көріністер арқылы балалар мен жасөспірімдер өмірде жиі кездесетін қауіптерден қорғану әдістерін меңгеріп, нақты жағдайларда қалай әрекет ету қажеттігін үйренді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері өрт сөндіру, алғашқы көмек көрсету, эвакуациялау және қауіпсіздік ережелері бойынша шеберлік сабақтарын да өткізді.

Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгеруіне зор ықпал етеді. Алдағы уақытта да осындай бірлескен жұмыстар жалғасын табатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-tamdy/press/news/details/1011738?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді