ШАРДАРАДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шардара қаласының ең биік нүктесінде орналасқан «Шежіре» саябағында салтанатты ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шара «Рәміздерім – мақтанышым» атты патриоттық акция аясында ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ержан Нурахов, сондай-ақ мемлекеттік мекеме басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Бейсенбай Төребеков жиналған қауымды атаулы мерекемен құттықтап, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығына тоқталды:
«4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Бүгін көк байрағымыз бүкіл қазақ даласының көгінде желбіреп, әнұранымыз асқақтай шырқалатын күн. Елдігіміздің символдары – Ту, Елтаңба және Әнұран халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігінің айғағы болып қала бермек», – деді.
Рәсім аясында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Сондай-ақ, патриоттық әндер шырқалып, шараға қатысушыларға ерекше рух сыйлады.
 
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1011685?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді