Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы баланы шұғыл жеткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Риддер қаласының тұрғыны тоғыз жасар балаға облыс орталығындағы дәрігерлердің шұғыл көмегі қажет болды.

Жедел іс-шараға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Еврокоптер» тікұшағы жұмылдырылды.

Кәсіби ұшқыштар Бейбіт Смағұлов, Шыңғыс Мәлипьянов және санитарлық авиация дәрігерлері Рим Меңдібаев пен Бек Асаубаев рейсті сәтті аяқтап, науқасты Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді, одан әрі оған медициналық көмек көрсетіледі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары азаматтарға жедел көмек көрсетуге үнемі дайын.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1011687?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді