
24 мамыр күні Абай Құнанбайұлы атындағы №6 мектеп-гимназияда 11-сынып түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды.
Салтанатты іс-шараға Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы арнайы қатысып, мектеп бітірушілерге, олардың ата-аналары мен ұстаздарына жылы лебізін білдірді. Қала басшысы түлектерге сенімді қадамдар, жарқын болашақ пен биік белестер тіледі. Сонымен қатар, ұстаздар қауымының еңбегіне алғыс айтып, ата-аналардың қолдауын ерекше атап өтті.
Шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды.
Мектеппен қоштасу – жаңа өмір жолының бастауы. Түлектерге өмір жолында тек сәттілік пен табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1004667?lang=kk
Жауап қалдыру