
24 мамыр күні балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (ДЮСШ) қаламызда дзюдо негізін қалаушы Кузнецов Анатолий Владимировичтің туған күніне орай дзюдо жарысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын дәріптеу және спорттық рухты нығайту.
Жарысқа әр жастағы жас спортшылар қатысып, өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Шараға қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы қатысып, балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, жаттықтырушыларға жас спортшыларды тәрбиелеудегі еңбектері үшін алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1004669?lang=kk
Жауап қалдыру