24 мамырдан бастап – orken.otbasybank.kz порталы арқылы тұрғын үйге онлайн кезекке тұру басталады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Енді бәрі ыңғайлы, ашық әрі онлайн форматта –банке бармай-ақ, құжат жинамай-ақ өтінім бере аласыз аласыз.

Бірақ өтініш бермес бұрын, шарттарға сай келетін-келмейтініңізді тексеріп алғаныңыз жөн

Өтінішіңіз қабылдануы үшін:

— 18 жастан асқан ҚР азаматы;
— Сізде және отбасы мүшелеріңізде соңғы 5 жылда тұрғын үй меншік құқығында болмауы;
— Мемлекеттік тұрғын үйде немесе әкімдік жалға берген пәтерде тұрмау:
— Бұрын мемлекеттік тұрғын үй алып, оны жекешелендірмеген;
— Мемлекеттік қолдаумен (мысалы, ипотекамен) баспана сатып алмаған;
— Егер үйіңіз апатты деп танылған болса – ол өтініш беріп отырған қалада орналасуы қажет

Маңызды!

Өтініш жіберілгеннен кейін сізге және отбасы мүшелеріңізге 1414 нөмірінен SMS келеді – өтініш қабылдануы үшін келісімді растау қажет.
#отбасыбанк #қазақстандабаспана #мембағдарлама #orken #тұрғынүйкезегі @otbasy_bank_aktobe

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1011192?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді