
Мұндай сапарлар тек есептермен танысуға ғана емес, сонымен қатар жұмыс барысын көзбен көріп, мамандардың қандай нақты қиындықтарға тап болатынын, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қандай шаралар қабылданып жатқанын білуге мүмкіндік береді.
Кеңес барысында профилактикалық іс-шараларды өткізу, нысандарға санитариялық қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен және халықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі міндеттерге қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету, азаматтардың өтініштерін қарау, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау нысандарын тексеру тәртібі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қанат Искаков халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сапа стандарттарын және мерзімдерді қатаң сақтау маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар кеңесте әкімшілік заңнаманы қолданудың практикалық аспектілері егжей-тегжейлі қаралды: санитариялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мысалдары келтірілді, қабылданған шаралардың заңдылығына құқықтық баға берілді және бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру жолдары белгіленді.
Кездесу қорытындысы бойынша аудандық басқарманың ашықтықты, мамандардың құқықтық сауаттылығын және халықпен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыруға бағытталған басым жұмыс бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1011191?lang=kk
Жауап қалдыру