Әл-Фараби ауданының прокуроры инвесторлармен кездесу
ұйымдастырды.
Кездесу барысында инвесторлардың өзекті мәселелері көтеріліп,
оларды шешу жолдары талқыланды.
Аудан прокуроры кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын
қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі екенін
атап өтті.
Сондай-ақ енгізілген прокурорлық сүзгі жобасына сәйкес
инвесторларға қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың кез келген
шектеу шаралары прокуратура келісімінсіз қабылданбайтындығы
ескертілді.
Кездесу соңында уәкілетті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1004492?lang=kk
Жауап қалдыру