Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23.05.2025 жылы И.В. Тарасенконың төрағалығымен Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында арнайы әлеуметтік қызметтер алатын азаматтардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды, ҚР қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар қаралды.

 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі жанындағы Сараптамалық кеңес консультативтік-талдамалық функциялары бар, қоғамдық негізде әрекет ететін кеңесші орган болып табылады.

Сараптамалық кеңестің құрамына Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, азаматтық белсенділер, өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1004493?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді