Алименттен жалтарғандармен ымырасыз күрес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҚО Ақжайық ауданының прокуратурасы алимент төлеуден жалтарып жүрген
ата-аналарды жауаптылыққа тартуды өкілетті органдар мен сот орындаушылардың
қызметін үйлестіріп жүзеге асыруда.
Прокуратура жыл басында сот орындаушылармен ұйымдастырылған кездесу
нәтижесінде алимент төлеуден қасақана жалтарып жүрген азаматтарға баса назар
аударып, оларды заңмен көзделген жауаптылыққа тартуды қолға алды.
Біріккен жұмыстардың нәтижесінде биылғы 1 тоқсанда Қылмыстық Кодекстің
139 бабымен 3 сотқа дейінгі – тергеп тексеру басталып, оның 1 бойынша сот үкімі
шығып кінәлі тұлға , 300 сағат қоғамдық жұмысқа тартылған болса, қалған 2 іс
алименттің толық өндірілуіне байланысты тоқтатылды.
Одан басқа прокуратураның ықпалымен 5 тұлға әкімшілік жауаптылыққа
тартылды.
Алимент төлеуден жалтарғандармен ымырасыз күрес жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1004939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді