«Ақтөбе-2025 марафонына» 1300 адам қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала күніне орай өткен «Ақтөбе-2025 марафонына» 1300 адам қатысты.
Бүгін қаламызда дәстүрге айналған «Ақтөбе-2025 марафоны» өтті. Жыл сайын өтетін іс-шараға биыл
1300 адам қатысты. Олар 3, 10 және 21 шақырымдық қашықтықтарда жарысты.
Ақтөбеге 13-ші жыл сайынғы марафонға қатысу үшін Қарағанды, Орал, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ресейдің, Орынбор және Орск қалаларынан марафоншылар келді. Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет те жарыс жолағын жүгіріп өтті. Ол мәреден кейін барша қатысушыларды Қала күнімен құттықтап, біздің қаламыздағы бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.
Жас та, қарт та таңертең осы марафоннан табылды. Жарыстың ең кішкентай қатысушысы – 10 жаста, ал жасы үлкен қатысушы Жұмабай Утарғалиев – 70 жаста. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны, көп жылдар бойы түрлі марафондарға қатысып келеді. Оның айтуынша, сонғы жылдары жастардың спортпен көп шұғылданатыны қуантады. «Өскелең ұрпақтың рухы мықты болсын десек, біз әркез өзіміз үлгі болуымыз керек. Спортка баулу арқылы жастарға жақсы әдеттерді сіңіруіміз керек», – деді ол.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1004867?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді