
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Киберқылмыстармен күрес орталығының ашылу салтанаты өтті. Оның құрамына тәжірибелі тергеушілер мен жедел уәкілдер кіреді.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде Киберпол жедел тергеу топтары құрылуда. Осы ретте Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастамасымен және облыс әкімдігінің қолдауымен облыс орталығында жаңа орталық ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатында Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы, Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлы, облыс прокуроры Ожаров Ризабек Кәрімұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент бастығы Ахметкалиев Қуаныш Жұмағалиұлы, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы Кеңес Аслан, ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департамент бастығы Ищанов Азамат Мұратұлы, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Шығамбаев Әділхады Жұмабайұлы сөз сөйледі.
Орталықтың ерекшелігі – интернет-алаяқтардың құрбаны болған азаматтардың арызы бір жерден қабылданып, бір жерден тергелетін болады. Бұрын арызды қабылдау, тергеушіге тапсыру процестерінің өзі біршама уақыт алса, енді оның бәрі жедел орындалып, ақша айналымына дереу тосқауыл қойылады. Осы арқылы біз қылмыстың санын азайтамыз. Ең жақсы амал – алдын алу. Сондықтан, халыққа интернет алаяқтардан сақтану жолдары барынша кең түсіндірілуі керек, – деді Серік Жүрсінбайұлы.
Бұл Орталықтың негізгі мақсаты — интернет-алаяқтыққа қарсы күресті күшейтіп, қылмыстың алдын алу. Сондай – ақ, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту – басты міндеттердің бірі болмақ.
Интернет – алаяқтықтың алдын алудың ең тиімді шарасы азаматтардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыру. Бұл ретте Қызылорда облысының Полиция департаментімен халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде Киберқылмыстармен күрес орталығы өз тиімділігін көрсетіп үлгерді. Аймақта интернет – алаяқтықтың 60-тан астам дерегі ашылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1004866?lang=kk
Жауап қалдыру