Жұмыссыздарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қалалық мансап орталығының ұйымдастыруымен 23 мамырда Қала күніне орай жұмыс іздеуші және жұмыссыз азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, пробация қызметінің есебінде тұрған жұмыссыздар, алимент бойынша борышкерлер де келді.

14 мекеме мен кәсіпорындар түрлі саладағы 114 бос жұмыс орнын ұсынды.

Жәрмеңкеге дін және қоғаммен байланыс мәселелері жөніндегі орталық, “Ақтөбе металл құрастыру зауыты” АҚ, “Тау Кен” ЖШС, “ЖБИ-25 зауыты” ЖШС, «Энергосистема» ЖШС, «Аяла 2020» ЖШС және тағы басқа да ұйымдар қатысты.

Ұсынылған бос жұмыс орындар: сату менеджері, арнайы техника жүргізушілері, қолөнершілер, қазандық операторы, теолог, дінтанушы, саясаттанушы, тарихшы және басқалар.

Жәрмеңке барысында, өтініш білдірген жұмыссыздар үшін Жұмыспен қамтудың белсенді шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік өтеусіз грант бойынша түсініктемелер берілді.

Өткізілген жәрмеңке нәтижесінде: 83 жұмыс іздеуші тұлға жолығып, 39 адам тұрақты жұмысқа жолдама алды. Жолдама алғандардың ішінде пробация қызметі есебінде тұрған 5 азамат, 28 борышкер бар.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласы бойынша Электронды еңбек биржасы (www.enbek.kz) порталында 914 бос жұмыс орыны жарияланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1004865?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді