БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ АРНАЛҒАН СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен демалыс күндері Департамент қызметкерлері «Балаларды қорғау мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету – бәрімізге ортақ міндет» ұранымен өткен ірі спорттық іс-шараға қатысты.

Іс-шара прокуратура мен құқық қорғау органдарының қолдауымен ұйымдастырылып, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудың маңыздылығына назар аударуға бағытталды.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа қауіпсіздік пен жауапкершілікті қалыптастыру, заңдылықты сақтау,- тек ересектер үшін емес, балалар үшін де маңызды екенін көрсету. Спорттық жарыстар арқылы ұйымдастырушылар салауатты өмір салты, командалық жұмыс пен ережелерге құрмет – құқықтық мәдениеттің негізгі қағидаттарымен тығыз байланысты екенін жеткізуді көздеді.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі — жас велосипедшілер, департамент қызметкерлері, полиция және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуші басқа құрылымдардың өкілдері қатысқан қызықты веложарыс болды.

 

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен тақырыптық сыйлықтар табысталды.

Департамент мұндай іс-шараларды алда да қолдауды жоспарлап отыр, себебі олар жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың, құқықтық сауаттылықты арттырудың және спортты – дені сау қоғамның негізі ретінде насихаттаудың тиімді құралы болып табылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-zko/press/news/details/1011188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді