
Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалардың жазғы сауықтыру лагерлерін маусымға дайындау барысы туралы хабарлайды.
Ведомство санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған, яғни қызмет етуге рұқсат берілген ұйымдардың тізімін тұрақты түрде жариялап отырады.
2025 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша облыстағы үш балалар сауықтыру мекемесі тиісті рұқсат құжаттарын алды:



Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының берілуі – мекемелердің қажетті тексеруден өткенін және санитариялық нормалар мен талаптарға сай келетінін, балалардың демалысы үшін қауіпсіз жағдайлар қамтамасыз етілгенін білдіреді.
Департамент ата-аналар мен заңды өкілдерге ескертеді: лагерьді таңдағанда оның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының бар екеніне көз жеткізу маңызды – бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған санитариялық талаптардың орындалуына кепілдік.
2025 жылғы жаз мезгілінде балаларды қабылдауды жоспарлап отырған өзге де ұйымдарға тексеру жүргізу және қорытынды беру жұмыстары жалғасуда. Лагерьлерді дайындау барысы туралы департамент халықты тұрақты түрде хабардар етіп отырады.
Рұқсат құжаттарын алған балалар сауықтыру лагерлерінің тізімімен департаменттің ресми сайтында танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1011187?lang=kk
Жауап қалдыру