
🔸Өндірілген өнеркәсіп өнімі 260,7 млрд теңгені құрады. Салада 17 000-нан астам адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда: тікелей ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт, сұйытылған газ зауыты, модульдік құрылымдар зауыты, реагенттер зауыты, «Казогнеупор-2015» ЖШС-нің техникалық жаңғыртылуы, сондай-ақ қалдықтарды өңдеуге бағытталған 3 жоба.
🔸2024–2025 жылдардағы жылыту маусымында ірі апаттар тіркелмеді, жүйедегі бұзылулар саны 34%-ға азайды. 2025 жылы 18,6 км жылу желісі, оның ішінде 10,5 км жеке секторда жөнделеді.
2026 жылға дейін:
— 25,2 км су құбыры (7,6 млрд тг)
— 8,2 км кәріз жүйесі (2,9 млрд тг) ауыстырылады.
🔸Соңғы екі жылда 14 көпқабатты тұрғын үй қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. Тұрғын үйлердің шатырларын және қасбеттерін жөндеу жұмыстары жалғасуда.
🔸Осы жылы «Ван» ЖШС 6 көшеде жол жөндеу жұмыстарын жүргізді. «Рахат-2018» ЖШС 30 000 м² ағымдағы жөндеудің 15 000 м² жұмыстарын аяқтады.
🔸Қала тұрғындарының кешкі және түнгі уақыттағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында көше шамдарын орнату және қалпына келтіру жұмыстары жалғасады.
🔸900 ағаш, 500 метр жасыл қоршау отырғызылып, көгалдар мен гүлзарлар қалпына келтірілді. Фрунзе мен Парковая көшелерінің қиылысында 700 м² балалар ойын алаңы салынады. 3 субұрқақты сквер абаттандырылады: 11-ықшам ауданындағы екі ФОК арасында, Гагарин–Ленин көшелерінің қиылысында және Комсомол даңғылы–Жантемиров көшесінің қиылысында.
🔸2024 жылдан бастап 12 бағыт әлеуметтік маңызы бар маршрут ретінде танылды. 2025 жылы оларды субсидиялауға 859,6 млн теңге бөлінді. 37 жаңа автобусты сатып алуға өтінімдер берілді.
Кездесу соңында тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Бірқатар өтініштер бойынша тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1004872?lang=kk
Жауап қалдыру