Қала әкімі “Соңғы қоңырау” салтанатты шарасына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбенің мектептерінде биылғы оқу жылын аяқтауға арналған “Соңғы қоңырау” салтанатты шарасы өтті.

Қала әкімі Азамат Бекет ұшқыш қыз Хиуаз Доспанова атындағы №14 мектепте өткен “Соңғы қоңырау” салтанатты шарасына қатысты.

Бұл мектеп – қала тарихында айшықты орны бар білім ордасы. Биыл ашылғанына 85 жыл толды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда №14 мектепте №74 әскери теңіз атқыштар бригадасы құрылған. 2021 жылы бұл мектепке Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімі берілді.

Бүгін оқу жылын 1392 оқушы, оның ішінде 68 түлек аяқтады. Оларды салтанатты шарада қала әкімі құттықтап, сәттілік тіледі.

«Бүгін еліміздегі барлық мектептерде қарбалас сәттерге толы айтулы мереке. Әсіресе, түлектер үшін бұл көңіл толқитын күн.
Осы оқу жылының жағымды жаңалықтарының бірі: “Жайлы мектеп” жобасы аясында қаламызда №79 және №82 мектептер іске қосылды. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, балаларымыздың жайлы білім алуына мүмкіндік жасай беретін боламыз.
Сонымен қатар, биылғы оқу жылында мектептер Президент тапсырмасымен енгізілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге алды. Біздің қаламыздың мектептерінде кең көлемде жүргізілген «Саналы ұрпақ», «Қамқор» тәрізді жобалар түлектеріміз үшін болашаққа бағдар бола алды деп сенемін.
Қадірлі жас түлектер!
Бүгін сіздер жаңа өмірге жолдама алдыңыздар! Осынау маңызды сәтте сіздерге алдағы сынақтан сүрінбей өтіп, қалаған мамандық иесі болуларыңызға тілекшіміз.
Бұл мектеп – қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанованың атындағы білім ордасы. Батырдың атына сай намысшыл, өр рухты ұл-қыздарымыз өсіп-өнсін! Оқушыларға талапшыл мұғалім, ал ұстаздарымызға талантты шәкірт тілеймін», – деді Азамат Бекет.

Айта кету керек, өткен күзде қала бойынша 11 615 оқушы мектеп табалдырығын аттаған болатын. Бүгін 6 133 түлек 11 классты, 9 249 оқушы 9 классты тәмамдап отыр. Мектепті 1141 оқушы үздік аттестатпен аяқтайды. Ал, Алтын белгіге үміткерлер саны – 321.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1004871?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді