
Елді мекендердің аумағында тұтыну қалдықтарын жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
Шағын елді мекендерде ТҚҚ көму орындарын жинау, әкету және күтіп ұстау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар болмаған кезде қалдықтарды өз бетінше әкететін, жергілікті атқарушы орган қызметінің бақылауымен және қызмет көрсететін орындар ұйымдастырылады.
Елді мекендерде (тұрғын үй қоры, ұйымдар, мәдени-бұқаралық мекемелер, демалыс аймақтарының аумағында) көлік үшін кіреберістері бар қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаң қатты жабынмен орналастырылады және қалдықтардың желмен таралу (шашылу) мүмкіндігін болдырмайтындай етіп, кемінде 1,5 м биіктікпен үш жағынан қоршалады.
ТҚҚ жинауға арналған контейнерлер қақпақтармен жабдықталуы тиіс. Елді мекендерде контейнерлік алаң уақытша қоныстарды (вахталық кенттер, стационарлық емес объектілер мен құрылыстар) қоспағанда, тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар объектілерінен, спорт алаңдарынан және халықтың демалатын орындарынан кемінде 25 м қашықтықта орналастырылады. Қалыптасқан құрылыс аудандарында, санитариялық алшақтықтарды сақтау мүмкіндігі болмаған кезде, қашықтықтар жергілікті атқарушы органдардың, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің, объектілердің меншік иелерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен комиссиялық түрде белгіленеді.
Абаттандырылған тұрғын үй қорында ТҚҚ жинау үшін контейнерлер қолданылады, жеке үй иеліктерінде қақпағы бар еркін конструкциялы сыйымдылықтарды пайдалануға рұқсат етіледі.
ТҚҚ шығару уақтылы жүзеге асырылады. Қалдықтарды контейнерлерде 0°С және одан төмен температурада сақтау мерзімі – үш тәуліктен аспайды, оң температурада – бір тәуліктен аспайды.
ТҚҚ контейнерлерінің меншік иесі салынып жатқан учаскенің нақты дамуын және елді мекеннің жергілікті жағдайларын ескере отырып, қалдықтарды тасымалдау үшін көлік құралдарының санын айқындайды.
Қоқысты жинау және шығару жөніндегі пайдаланушы ұйымдардан басқа, барша тұрғындарға қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажет, күн сайын қаламыздың тазалығына қамқорлық жасап, белгіленбеген жерлерде қоқысты тастамау керек. Егер біздің әрқайсымыз өз қаламызды жақсы көретін және қорғайтын болсақ, онда өмір сүру одан да ыңғайлы болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1017674?lang=kk
Жауап қалдыру