МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан прокуроры Дастан Мырзағали Кемеқалған ауылдық округі Ақбастау елді мекенінде округ халқымен, “Шымкентцемент” ЖШС басшысы Иван Пакпен кездесті.
✅Кездесу барысында “Шымкентцемент ” ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түзілген үш жақты меморандум негізінде атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.
🔰Серіктестік меморандумға сәйкес Алғабас, Ақбастау, Киелітас елді мекендерінде спорт кешенінің құрылысын жүргізіп, Киелітас, Кемеқалған ауылдық округтеріне ауыз су ұңғымасын бұрғылауы қажет еді.
↪️Мекеме басшысы Иван Григорьевич ауыз су ұңғымаларын қазу кезінде туындаған проблемаларды баяндап, Ақбастау елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын жүргізудегі кедергілерді әңгімеледі.
Ашық пікір алмасу, сұрақ-жауапқа арналған кездесуде меморандум негізінде атқарылуы тиіс әр нысан бойынша түсіндірді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1003531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді