Астанада аумақтық қорғаныс жиындары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада аумақтық қорғаныс бригадасының жиындары өтті. Оған Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Максим Рожин мен Самат Нұртаза қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Депутаттар елордалық аумақтық қорғаныс бригадасының қызметімен танысты. Іс-шара Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырған әскери жиындар аясында Теміржолшылар тұрғын алабындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында өтті.
Халық қалаулылары жауынгерлердің тұрмыстық жағдайын, оқу сыныптарын көріп, әскери міндетті азаматтармен сұхбаттасты.
Бригада командирі, полковник Омар Орынбаев бөлімшенің міндеттері туралы айтып, әскери нысандарды күзету бойынша тактикалық жаттығу жұмыстарын көрсетті.

«Парламентте біз аумақтық қорғаныс туралы заңның жаңа редакциясын әзірлеп жатырмыз. Онда «өзін-өзі қорғау құрылымы», «ерікті» және «аумақтық қорғаныс нысаны» ұғымдары қарастырылған. Бұл азаматтық тұлғалардың қатысуымен елдің қорғаныс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», — деді депутат Максим Рожин.

Депутаттар Астана қаласы әкімдігі мен бригада командалығына үйлесімді жұмыс пен ел қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1003015?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді