
Өңірдің ұзақмерзімді құрылысын сүйемелдеу аясында Атбасар қаласының № 1 ықшам ауданындағы 100 пәтерлі бес тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілер құрылысының және жайластырудың көшпелі мониторингі жүргізілді.
Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов, қоғам қайраткері және антикорволонтер Игорь Плюснин, «АРМ Ingeenering» ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі, сондай-ақ тапсырыс беруші – Атбасар ауданының құрылыс бөлімі қатысты.
Мониторинг шеңберінде жинақталған трансформаторлық қосалқы станцияның іргетасын құю, кәріздік сорғы станциясының қондырғысын тазарту, сондай-ақ электр беру желісін монтаждау жұмыстардың барысын қарау және бағалау жүргізілді.
Соңында құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде сапалы орындалуын қамтамасыз ету және нысандарды уақытылы пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар берілді.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/1003014?lang=kk
Жауап қалдыру