
Бүгін Достық ауылдық округіндегі Достық орта мектебі және Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде соңғы қоңырау салтанаты өтті. Бұл – мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше әрі толғанысты сәт. Салтанатты жиынға округ әкімі Е.Енсебаев қатысып, түлектерге жүрекжарды тілегін білдірді.
Әкім өз сөзінде:
«Құрметті түлектер! Бүгін сіздер үшін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын маңызды күн. Алдарыңызда жаңа мүмкіндіктер мен сынақтар күтіп тұр. Өздеріңізге сеніп, білім мен еңбектің арқасында биік белестерді бағындырасыздар деп сенемін. Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын!»
Салтанатты шара барысында мектеп оқушылары ұстаздарына алғыс айтып, ән мен жырдан шашу шашты. Түлектер ұстаздарына гүл шоқтарын тарту етіп, мектеппен қоштасу вальсін биледі.
Соңғы қоңырау үні мектеп ауласында сыңғырлап, түлектерге жаңа өмір жолының басталғанын білдірді. Бұл күн олардың жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1002963?lang=kk
Жауап қалдыру