«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалау мақсатында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, Түркістан облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ермек Өсербаев, Сауран ауданының прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық полиция бөлімі бастығының м.а. Д.Балданов қатысып, жол қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттілігі жөнінде айтып, аталған шараның жалғасатындығын жеткізді.
Рейд барысында полиция қызметкерлері жүргізушілердің құжаттарын, көлік құралдарының техникалық жағдайын, қауіпсіздік белдіктерін қолдану тәртібін тексерді. Сонымен қатар, жол жүру ережелері туралы ақпараттық жадынамалар таратылды. Аталған іс-шара аудан тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1002964?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді