Қармақшы ауданындағы №277 мектеп-лицейі «Үздік 100 мектеп» қатарына енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✅Бүгін Департамент басшысы Ғалия Даулетова Байконыр қаласындағы №277 орта мектеп ұжымымен кездесіп, еліміздегі «Үздік 100 мектеп» қатарына енулерімен құттықтап, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы Дипломын табыстады.
 
✅Өз сөзінде Департамент басшысы ұжымның мазмұнды да нәтижелі еңбегіне, ұстаздардың кәсіби шеберлігіне тоқталып, №277 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өту барысында жоғары нәтиже көрсеткенін атап өтті.
 
✅Білім беру ұйымы 2019 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының жеңімпазы. Мектеп оқушылары пәндік олимпиада мен ғылыми жоба жарыстарының жүлдегерлері. Биылғы жылы мектепті 58 түлек бітіріп шықты. 3 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы «Үздік» аттестатқа үміткер. Наурыз айындағы ҰБТ-ден «Алтын белгіге» үміткер Жанибеков Мәди 137 балл жинаған.
 
✅«Үздік 100 мектеп» қатарына ену үшін оқушылардың білім сапасы, сыртқы бағалау қорытындылары, олимпиада мен ғылыми жоба көрсеткіштері, педагогтердің біліктілігі, материалдық-техникалық база, білім алушыларға қауіпсіз орта құру, мектепте қалыптасқан дәстүрлерді сақтау бағыттағы жұмыстар сараланған.
 
✅Департамент басшысы мектеп ұжымына «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізінде мемлекетіміздің лайықты азаматын қалыптастыру міндетіне әркез адалдық танытып, оқу-ағарту саласының дамуына қосқан өлшеусіз еңбеқтеріне алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1003102?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді