
Абасов Еркебұлан
Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округінің әкімі
1991 жылдың 19 наурызында Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары.
2013 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «көлік құрылысы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының іс-жүргізушісі болып бастаған.
2013 жылы Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ әдіскері, 2013-2017 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры, 2017-2019 жылдары Хантау ауылдық округінің әкімі, 2019-2020 жылдары «АБК Автодор-НС» ЖШС диспетчері, 2020-2021 жылдары Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 2021-2025 жылдары Ұланбел ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған.
2025 жылың 19 мамырынан бастап Мойынқұм ауданы Ұланбел ауылдық округінің әкімі лауазымына қайта сайланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1003108?lang=kk
Жауап қалдыру